Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады
<p style="text-align: justify;">АҚШ Президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция қолдануды мақұлдайтынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> РИА Новостиге сілтеме жасап.</p>
Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемек. Сондай-ақ Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.
«Бірігіп шамамен 1 триллион долларды бақылайтын ресейлік банктерге санкция салып жатырмыз. Ресейлік банк активтерінің үштен бір бөлігінен астамына иелік ететін ең ірі ресейлік банкті америкалық қаржы жүйесінен ажыратамыз», деді Байден.
Сондай-ақ АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технология өнімдері импортын 50 пайызға шектейтінін де айтты. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компаниялары, ресейлік ғарыш бағдарламасы облигацияларына да әсер етеді.