Әлем
1 мин оқу 510
Киевке әуеден шабуыл жасалды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Киевке қанатты немесе баллистикалық зымырандармен жасалған шабуылдар жасала бастады. Мен екі жарылыстың дүмпуін естідім» деп жазды Геращенко Telegram арнасында.
Атап айтқанда, жұмада таңғы сағат 4:22-де ел астанасындағы Печерский және Голосеевск аудандарында, Познаки қаласында жарылыс дыбыстары естілді. Киевтегі Троещина ауданында қазірдің өзінде 6-ға жуық жарылыс болды.

Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақ әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген және ол Киевтің Дарницкий ауданында құлаған.
Бөлісу: