Жекпе-жек
1 мин оқу 270
Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы анықталды
<p style="text-align: justify;">UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Деректерге сенсек, қазақ оғланы келесі кездесуін америкалық Джефф Молинаға қарсы өткізеді. Екі спортшы Лас-Вегаста 4 маусым күні өтетін UFC 275 турнирінде октагонға шығады. АҚШ спортшысы ұйымда екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де қарсыластарынан басым түскен. Ал Жалғас Жұмағұлов болса төрт мәрте октагонға шығып, бір қарсыласын жеңсе, үш мәрте жеңілістің кермек дәмін татқан болатын.
Бөлісу: