Қазақстан
1 мин оқу 270

Украинадағы қазақстандықтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады

<p style="text-align: justify;">Air Astana авиакомпаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен шығарады. Рейстің ұшуы 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-ге жоспраланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жолаушылар ҚР Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша рейске тіркелетін болады. Қазақстандықтар трансфер үшін 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнен көшесі 3/1 мекенжайындағы ҚР құрметті консулдығына жиналуы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Бөлісу:
Украинадағы қазақстандықтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар