Әлем
1 мин оқу 350

Мен Киевте халқыммен біргемін, отбасым да Украинада – Зеленский

<p style="text-align: justify;">Украина Президенті Владимир Зеленский ресейлік диверсиялық топтардың ел астанасы Киевке енгенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Киевке жаудың диверсиялық күштері кірді. Бірақ мен елордада халқыммен біргемін, менің отбасым да Украинада. Жау мені №1 нысанаға, ал менің отбасымды №2 нысанаға алды деген ақпарат бар», деді Зеленский жерлестеріне арнаған видео үндеуінде. 

Украина Президенті өз үндеуінде елдегі жағдайға қысқаша тоқталды. Зеленский сондай-ақ Украинаның шығыны туралы хабарлады.

«Бүгін 137 адам қаза тапты. Змейный аралын қорғаған барлық жауынгеріміз қаза тапты», деді ол.

Бөлісу:
Мен Киевте халқыммен біргемін, отбасым да Украинада – Зеленский · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар