Коронавирус
1 мин оқу 260

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантиндік шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес: коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі.

Бұл ретте вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) көзделетін болады.

Құжаттың мәтінімен және Ashyq жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қаулы 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар