Аймақтар
1 мин оқу 240
Тараздағы атыстан кейін екі адам ауруханаға түсті
<p style="text-align: justify;">25 ақпанға қараған түні белгісіз адамдар арасында атыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қақтығыс Тараз қаласындағы Абай даңғылында орналасқан «Discovery» дәмханасының жанында болған. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атыс кезінде екі адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу: