Жекпе-жек
1 мин оқу 350

Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты

<p style="text-align: justify;">Екі салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор октагонға қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> championat.com-ға сілтеме жасап.</p>

Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты

«Жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Оливейра бір-екі ай күте тұрса болады. Менің ойымша шілде айында жағдайым жақсара түседі. Егер мен сәуір, мамыр, маусым және шілде айларында жаттығуда жұптық жекпе-жектер өткізе бастасам, жеңіл салмақтағы талай жігіттерді орнына қоя аламын. Жаттығу процесіндегі шайқастарды төбелеске айналдыруға бейіл тұратыным қаперлеріңізде болсын», деді спортшы.  

Соңғы рет АҚШ спортшысы Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңілістің ащы дәмін татқан Конор Макгрегор аяғынан ауыр жарақат алған еді. Ол жарақаты жазылғаннан кейін жекпе-жек әлеміне оралмақ.

Бөлісу:
Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар