Бокс
1 мин оқу 773
Странджа кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды
<p style="text-align: justify;">Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы додасында қазақ қызы алтын жүлде иегері атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

50 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түскен Назым Қызайбай бұған дейін финалға қиналмай жеткен болатын. Шешуші кездесуде ол алжирлік Румайсо Буалеге қарсы рингке көтерілді. Жекпе-жек барысында айқын басымдылық көрсетіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген отандасымыз төрешілердің біржақты шешімімен жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын медаль түсірді.
Бөлісу: