Әлем
1 мин оқу 334

Франция Румынияға 500, Эстонияға 250 әскер жібереді

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Украинаға қарсы жалғасып жатқан әскери операциясы аясында Франция билігі Румынияға 500 әскери және броньды көлік жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Франция Бас штабының басшысы Тьерри Буршар мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім НАТО-ның шығыс қанатын қолдау үшін қабылданған.

Ол Украинада жүріп жатқан соғысқа байланысты Эстонияда 200-250 француз әскері, сондай-ақ 4 Mirage 2000 әскери ұшағы орналасатынын атап өтті.

Еске салсақ, 24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбассында арнайы әскери операция басталғанын хабарлады.

Бөлісу:
Франция Румынияға 500, Эстонияға 250 әскер жібереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар