«Дэвис кубогының» келесі кезеңіне шықты
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннистен 16 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Шри-Ланкада өткен командалық Juniors Davis Cup турнирінің алдын ала іріктеу бәсекелерінде сәтті өнер көрсетіп, негізгі іріктеу кезеңіне жолдама алды.</p>

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша Қазақстан құрамасының ойыншылары Жансұлтан Чемботев (капитан), Дамир Қалдыбеков, Әмір Омарханов және Виталий Зацепин алдын ала іріктеу сайыстарының бірінші кездесуінде малайзиялық теннисшілерді 3:0 есебімен тізе бүктірсе, екінші ойында да дәл сондай есеппен Ирактан айласын асырды. Ал ширек финалда Моңғолияны ұтты – 3:0.
Алайда жерлестеріміз үшін Вьетнаммен өткен жартылай финал кездесуі біраз қиындық тудырды. Аса тартысты өткен ойында жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Финалда Иран теннисшілерімен кездескен Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен ұтылып қалды. Соған қарамастан, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сәуір айында осы Шри-Ланкада өтетін «Дэвис кубогының» іріктеу кезеңінде де өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.