Футбол
1 мин оқу 132

«Спартак» қақпасына гол соқты

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .2pt;">Өткен демалыс күндері футболдан Ресей чемпионатының ойындары қысқы үзілістен кейін қайта жал&shy;ғасты. Қазақстан ұлттық құра&shy;ма&shy;сының ойыншысы Бақтиер Зай&shy;нутдинов өнер көрсететін Мәс&shy;кеудің ЦСКА клубы 19-турда &laquo;Спар&shy;такпен&raquo; кездесті.</span></p>

«Спартак» қақпасына гол соқты

Мәскеулік командалардың бұл жолғы дербиі әскерилердің жеңісімен аяқталды – 2:0. Бұл ойындағы ЦСКА-ның жеңісіне жерлесіміз өз үлесін қосып, «Спартак» қақпасына кезекті голын соқты. 49-минутта Юсуф Языджи айып добын сәтті орындап, ЦСКА-ны есепте алға шығарса, Б.Зайнутдинов 79-минутта Иван Обляковтың әдемі пасынан кейін таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бұл – отандасымыздың «Спартакқа» салған үшінші голы. Бұған дейін жартылай қорғаушымыз «Ростов» сапында жүргенде де Мәскеу клубының қақпасына дубль жасаған еді.

Айта кетейік, матчты қосалқы құрамда бастаған Б.Зайнутдинов екінші таймның 56-минутында алаңға шыққан болатын. Жаңа жылдағы алғашқы матчта үш ұпайына қол жеткізген ЦСКА турнир кестесінде 4-орында келеді.

Бөлісу:
«Спартак» қақпасына гол соқты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар