Қазақстан
1 мин оқу 370

Эвакуация: Бүгін қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізіледі

<p style="text-align: justify;">Украинаның Катовице қаласынан Атырауға дейін ұшатын алғашқы репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақытымен 15:30-ға белгіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады», деп хабарлады ведомство.

Қазақстандық азаматтарды шығару бойынша КС 2203 алғашқы рейсі Атыраудан Катовицаға (Польша) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі А321 (сыйымдылығы 179 орындық).

«Катовице қаласынан Атырауға ұшудың жоспарланған уақыты 28 ақпан сағат 10:30-да (Катовице уақытымен)», деп қосты ведомство.

Бөлісу:
Эвакуация: Бүгін қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар