Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 620
«Канелоның» кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің осы жылы кімдерге қарсы шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол бірінші жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA чемпионы Дмитрий Биволға қарсы шаршы алаңға шықса (7 мамыр), одан кейін қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасады. Сондай-ақ жыл соңында бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC чемпионы Илунга Макабу немесе ұлыбританиялық Джон Райдермен қолғап түйістіруі ықтимал.
Бөлісу: