Ауа райы
1 мин оқу 792

Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК көктемнің алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Фронтальдық бөліктердің өтуімен, солтүстік жартыда негізінен қар түрінде жауын-шашын, төменгі боран мен желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай мен жаңбыр жауады.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады. Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2...10 аязға дейін, күндіз 2...15-ке дейін жылу; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15...20 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 0...10 аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0...8 аяз, күндіз 5...15 жылу болады», делінген синоптиктер болжамында.

Бөлісу:
Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар