Әлем
1 мин оқу 250

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер көбейеді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2022 жылғы 8 наурыздан бастап катарлық «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін және 2022 жылғы 19 наурыздан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр», делінген хабарламада. 

Рейстер А320 типті әуе кемесінде дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Осы бағыт бойынша рейстердің ұлғаюы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен елдер арасындағы іскерлік әріптестікті дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу:
Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер көбейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар