Президент
1 мин оқу 2,770

Эвакуация мәселесі Президенттің бақылауында – Берік Уәли

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевтың Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
 
«Жалпы, Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктер қызметкерлерінің және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындықтарға қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды», делінген хабарламада.
 
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Катовице (Польша) – Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған.
 
«Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында», деп жазды Берік Уәли.
Бөлісу:
Эвакуация мәселесі Президенттің бақылауында – Берік Уәли · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар