Аймақтар
1 мин оқу 355

Таразда есірткі зертханасы анықталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз қаласында есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

20 ақпанда Таразда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Есірткі заттарын тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен А. есімді азаматшаны ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында күдіктіден 245 гр «мефедрон» есірткі заты табылды. Күдікті құқық қорғау органдарына сол есірткінің тағы 500 гр ерікті түрде тапсырды», деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, қара нарықта тәркіленген есірткінің алдын ала құны 10 млн теңгеден асады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді», деп қосты ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Таразда есірткі зертханасы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар