Хоккей
1 мин оқу 104

Плей-офф кезеңі басталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы Гагарин кубогының плей-офф бәсекелері басталады. Алғашқы іріктеу кезеңінде елорданың &laquo;Барысы&raquo; Магнитогорскінің &laquo;Металлург&raquo; клубымен ойнайды.</p>

Плей-офф кезеңі басталады

Алғашқы ойын бүгін Магнито­горскідегі «Металлург Арена» мұзай­дынында өтеді. Елордалық команда плей-офф кезеңіне дайындық барысында үш жолдастық кездесу өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетті. Алғаш Мәскеудің «Спартагын» 7:2 есебімен қапы қалдырса, кейінгі ойында Мәскеудің тағы бір командасы – «Динамодан» буллит сериясында басым түсті. «Барыс» ойыншылары араға бір күн салып дәл осы «Динамо» хоккейшілерімен қайта кездесті. Өкінішке қарай, бұл жолы мәскеулік команда жеңіске жетті – 6:3.

Айта кетейік, «Барыс» пен «Метал­лург» ҚХЛ-дың биылғы маусымында төрт мәрте кездесіп, екеуі де екі реттен жеңіске жеткен еді.

Бөлісу:
Плей-офф кезеңі басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар