Қаржы
1 мин оқу 470
Теңге біршама нығайды
<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 494,74 теңгені (-0,26) құрағанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 486-495 теңгеден, еуроны - 546-555 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 5,00-5,55 теңгеге жетті.
Сондай-ақ, 1 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы сәл өсті.
Сәуірде WTI мұнай фьючерстері 0,90%-ға көтеріліп, барреліне 96,60 долларды құрады.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 1,03%-ға-барреліне 98,98 долларға дейін көтерілді.
Бөлісу: