Аймақтар
1 мин оқу 190

Павлодарда кәсіпорын басшылығынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Күдікті Павлодар қаласының&nbsp; уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Рavlodarnews.kz-ке cілтеме жасап.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  23 ақпанда Павлодар қаласында арнайы іс-шаралар барысында полицейлер бопсалау күдігі бойынша 40 жастағы қала тұрғынын ұстаған. 

«Ер адам 2020 жылдың сәуір - қыркүйек айлары аралығында Павлодардағы ЖШС бірінің бас директоры мен директорынан 52 млн 080 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат  бопсалаған деп күдіктелуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Бөлісу:
Павлодарда кәсіпорын басшылығынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар