Түркістан облысында майнинг фермасы анықталды
<p style="text-align: justify;">Қаржы мониторингі агенттігі ҰҚКД және ДАПК қызметкерлерімен бірлесіп Түркістан облысында заңсыз майнингтік қызмет фактісін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ҚМА <a href="https://t.me/afm_rk/1059" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Telegram</a>-арнасына сілтеме жасап.</p>
«Шардара су электр станциясының жанында орналасқан аумақта ҚР заңнамасын бұзып, аса ірі мөлшерде табыс табатын майнингтік ферма жұмыс істеді. 2 899 бірлік көлемінде жабдық табылды. Жабдықтың болжамды құны 1 млрд теңгеден асады. Криминалист қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында алынған табыс сомасы 450 млн теңгеден асты», делінген хабарламада.