Қоғам
1 мин оқу 420

Елімізде жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі бірқатар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сенсек, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу бар.

Сондай-ақ 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады.

Бөлісу:
Елімізде жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар