Паралимпиада: Қазақстан құрамасы Чжанцзякоудағы жаттығу жиынына кірісті
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі. Олар пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бақ сынайды. Команда құрамына бес спортшы кірген. Олар – Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.
Айта кетелік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады.
Пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Бейжің ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады.