Әлем
1 мин оқу 311

Украина Еуропалық Одаққа кіруге өтініш білдірді

<p style="text-align: justify;">Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтініші тіркелді. Бұл туралы ЕО-дағы Украина өкілі Всеволод Ченцов&nbsp;<a href="https://twitter.com/VVChentsov/status/1498447259826065410">Twitter</a>-де жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://ria.ru/20220301/evrosoyuz-1775716043.html">РИА Новости</a>&nbsp;порталына сілтеме жасап.</p>

Құжатқа президент Владимир Зеленский қол қойды.

"Президент Зеленский қол қойған Украинаның ЕО мүшелігіне өтінішін Францияның ЕО-дағы Тұрақты өкілі Филипп Леглиз-Костаға бердім (...) Өтінім тіркелді. Процесс басталды", - деді Ченцов.

Бұған дейін Зеленский Украина ЕО-ға мүше болуға құқылы екенін мәлімдеген болатын. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керек екенін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты.

Бөлісу:
Украина Еуропалық Одаққа кіруге өтініш білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар