Аймақтар
3 мин оқу 510

Игерілмеген жер қайтарып алынды

<p style="text-align: justify;">Көктем ерте келетін Түр&shy;кіс&shy;&shy;&shy;тан өңірінің тұрғындары ма&shy;&shy;лын өріске шығара бастады. Бұл орайда облыстың кей аудан&shy;&shy;дарында жайылым мәсе&shy;лесі өте өзекті. Дегенмен мәсе&shy;ле&shy;ні шешудің тиімді жолдары қа&shy;растырылуда. Мысалы, Бәй&shy;дібек ауданында әкімдік пен аудан&shy;дық прокуратура тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жерді пайдаланушылар мен ауыл тұрғындары игі бас&shy;таманы жүзеге асыруда.</p>

Игерілмеген жер қайтарып алынды

Аудандағы 11 ауылдық округ­ке қарасты 51 елді мекен маңа­йындағы қажетті жайылым жер картасы әзірленіп, оған енгізілген 310 жер пайдаланушы заңды тұлға анықталған. Халықтың жайылым жерге қатысты мұқтаждығын шешуге атсалысқан жер иелері әр ауыл аумағы бойынша жасал­ған картаға енген 413 гектар жайы­лымды ел игілігі үшін беруге ке­­­лісті. Мысалы, Алғабас ауыл окру­гінен Әлібек Шірікбаев – 139 гектар, Білісбек Қасымбе­ков – 79, Көктерек ауыл округінен Диханбай Дүйсенбек 195 гектар жайылым жерді аудандық жер қорына қайтарды. Ал Бо­рал­дай ауылдық округінде өнді­ріс­тік кооператив басшылары ауыл маңынан 7 шақырымға де­­йінгі аймақта жатқан жерді ел­­ге табыстады. Өзге де азамат­тар өзіне тиесілі жерді халық­тың пайдалануына қарсы емес­тігін, құжаттарын рәсімдеп, тұр­ғындарға пайдалануға тап­­сыра­тыны туралы айтуда. Қай­тарылып жатқан жер телімдерін жинақтап, оны сол елді мекеннің ортақ жа­йылым жеріне бекіту үшін аудан әкімдігінде тиісті қаулы жобасы әзірленіпті. Ал Төлеби ауданында аумағы 8 мың гектарға жуық жайылым елді мекендерге ортақ пайдалануға бекітіліп берілді.

Өңірде бұл бағыттағы жұмыс, яғни пайдаланылмай, бос жат­қан және заңсыз алынған жа­йылым жер алқаптарын қайта­ру және түгендеу жұмыстары кү­шейтілді. Космомониторинг ар­қылы «Гринпойнт» жүйесімен облыста 2019-2021 жылдар ара­лығында 1 874,1 мың гектар ал­қап­қа түсірілім жүргізілген. Нә­ти­жесінде, ауыл шаруашы­лы­­ғы мақсатындағы 87,2 мың гек­­тар жердің игерілмегендігі көрсетілген.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерға­ли Тілегеннің айтуына қарған­­да, былтыр облыс бойынша 131,1 мың гектар пайдаланбай жатқан жер телімдері анықталса, оның ішінде арнайы жер қорына қай­тарылғаны – 46,5 мың гектар. Ал 61,2 мың гектар жерді қайтару жөнінде нұсқамалар берілген. Былтыр облыс әкімінің тапсыр­масына сәйкес, ортақ жайылым­мен қамтамасыз етудің қадам­дық алгоритмі бойынша 133 ел­ді мекенге 135,8 мың гектар жа­йылым жер бекітіліп берілген. Нәтижесінде, жайылым­мен қам­тамасыз етілген ауылдық округ­тердің саны 70-ке жетіп отыр. Биыл түгендеу және қайтару жұ­мыстары арқылы тұрғындар жалпы 618,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз еті­леді деп жоспарланып отыр. Ат­қарылатын жұмыстардың нәти­жесінде жалпы облыстағы жа­йылым қажеттілігі үш есе тө­мендеп, 1 054,5 мың гектар болады. Осы орайда облыс әкімі жа­йылымдарды қайтару, түгендеу жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды. «Әкімдер бос жат­қан жайылымдар кімнің атында екенін жасырмай айтулары керек. Жайылымдар ел игілігі үшін қолданылуға тиіс», деді Өмірзақ Шөкеев.

Әкімдерге міндеттелген және олардың негізгі көрсет­кіш­тері өлшенетін тағы бір мә­селе – жаңа жұмыс орындарын ашу. Облыстық стратегия және экономикалық даму бас­қар­масының басшысы Қанат Қайып­бектің мәліметінше, өңір­де 777 мың адам жұмыспен қам­тылған. Оның басым бөлі­гі – ауылдық елді мекен тұрғын­дары. Экономикалық қызмет түр­лері бойынша жұмыспен қам­тылғандардың 22,6%-ы – ауыл шаруашылығы, 18,4%-ы – білім беру, 17,4%-ы сауда саласына тиесілі болса, өнеркәсіп саласының үлесі – 6%. Бүгінде орталық органдармен халық табысын арттыруға бағытталған ­жоспар жобасын әзірлеу жұмыс­тары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жұмыс орнын құру­ды міндеттегені мәлім. Осы мә­селе талқыланған облыс әкімі аппаратының отырысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа жобалар, жұмыс орындарын ашу, аудан, қаладағы қабілеті бар адамдармен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы арқы­лы 102,6 мың адам жұмыспен қам­ту шараларына қатысқан. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғас­пақ. «Жастар тәжірибесіне» биыл ­5 658 адамды жолдау көзделген. Сондай-ақ елімізде жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұ­мыс­тары жалғасуда. Бүгінге дейін өңірден «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 9 812 мүшесі бар 2 556 отбасы қоныс аударған. Жалпы, өткен жылдармен салыстырғанда солтүстікке көшуге ниет білдір­ген отбасылардың қатары 3 есеге дейін ұлғайған.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Игерілмеген жер қайтарып алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар