Елорда
1 мин оқу 260

Заңсыз майнинг: 237 мың доллар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдырған

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда цифрлық майнингтің көлеңкелі субъектілерін анықтау іс-шаралары жалғасуда. Бұл жолы елорданың өндірістік базаларының бірінде тағы бір майнинг фермасы анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Майнингке арналған 56 бірлік жабдық табылды. Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаны 237 000 доллар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны расталды», делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

1 наурызда Түркістан облысында да майнингтің көлеңкелі фермасы анықталғаны белгілі болды.

«2899 бірлік көлемінде жабдық табылды. Оның болжамды құны - 1 млрд теңгеден асады», деп қосты агенттік.

Бөлісу:
Заңсыз майнинг: 237 мың доллар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар