Әлем
1 мин оқу 170

АҚШ ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

<p style="text-align: justify;">АҚШ билігі ресейлік ұшақтар үшін елдің әуе кеңістігін жауып жатыр. Бұл туралы Джо Байден сейсенбі күні кешке Өкілдер палатасы мен АҚШ Конгресінің Сенатында &laquo;Ел жағдайы туралы&raquo; жыл сайынғы жолдауы кезінде айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС-қа сілтеме жасап.</p>

«Біз одақтастарымызға қосылып, әуе кеңістігін барлық ресейлік рейстерге жабатынымызды жариялаймын», деді АҚШ Президенті.

Ресейлік ұшақтардың АҚШ әуе кеңістігінде ұшуына салынған тыйым сәрсенбі күні күшіне енеді, делінген елдің Көлік министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Бөлісу:
АҚШ ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар