Әлем
1 мин оқу 250
Польша Ресейден көмір тасуды тоқтатады
<p style="text-align: justify;">Польша Ресей елінен көмір тасымалдамайтынын айтты. Бұл шешімді Премьер-министр Матеуш Моравецкий Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишельмен бірлескен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://tass.ru/">ТАСС</a>-қа сілтеме жасап.</p>

«Мен тағы да Еуропалық комиссиядан ресейлік көмірге қатысты эмбаргоны шешуді сұраймын. Маған ЕК тарапынан осы әрекет үшін Польшаның жазаланбайтыны туралы бір уәде керек. Сонда біз ресейлік көмірге эмбарго енгізуге дайын боламыз», деді Премьер-министр.
Моравецкий Польша ресейлік көмірдің орнын ауыстыру үшін Австралия елімен қысқа мерзімде келіссөздер жүргізіп жатқанын да айтты.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: