Президент
1 мин оқу 380
Ертең Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізеді
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді.
Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ», деп жазды Берік Уәли.
Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды.
Бөлісу: