Қазақстан
1 мин оқу 322

AMANAT партиясы қайта тіркеуден өтті

<p style="text-align: justify;">Еліміздің басқарушы партиясының атауын өзгерту мақсатында мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;AMANAT партиясының баспасөз қызметіне <a href="https://nurotan.kz/news/news-detail/290201?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме </a>жасап.</p>

Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді.

AMANAT партиясында атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук әзірленуде, сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, партияның съезі барысында Nur Otan партиясын AMANAT деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады.

Бөлісу:
AMANAT партиясы қайта тіркеуден өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар