Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.akorda.kz/ru/sostoyalsya-telefonnyy-razgovor-glavy-gosudarstva-s-prezidentom-ukrainy-vladimirom-zelenskim-221141" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.
Екі елдің Мемлекет басшылары гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.