Спорт
1 мин оқу 207

Трилогия күзде өтеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Орта салмақтағы IBF және IBO чем&shy;пиондық белбеуінің иегері қазақ&shy;стандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы мек&shy;сикалық Сауль &laquo;Канело&raquo; Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтеді.</p>

Трилогия күзде өтеді

Америкалық USA Today Sports+ ба­сылымының мәліметінше, трилогия 17 қыр­күйекке жоспарланған. Ал жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұл кездесуде Альварестің төрт белбеуі сарапқа салынады. Трилогия боксшылардың бұған дейінгі екі айқасы өткен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бір айта кетерлігі, екі боксшы арасындағы алғашқы айқас 2017 жылдың 16 қыркүйегінде, екіншісі 2018 жылдың 15 қыркүйегінде өткен еді.

Бұл жекпе-жекке дейін Головкин де, «Канело» да сәуір-мамыр айларында бір-бір кездесуден өткізеді. Отандасымыз сәуір­де жапониялық Рёта Муратамен, Сауль Альварес 7 мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады.

Бөлісу:
Трилогия күзде өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар