Аймақтар
1 мин оқу 483

Кітаптан күшті сыйлық жоқ

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы Абай атындағы балалар кітапханасының қорында жалпы саны 138 628 кітап бар екен. Жуырда Халық&shy;аралық кітап сыйлау күнінде аталған меке&shy;менің сөресі 27 жаңа туындымен толықты.</p>

Кітаптан күшті сыйлық жоқ

Сыйға тартылған еңбектердің арасында Қаз­дауысты Қазыбек бидің өмірінен сыр шертетін «Ға­сырлар даналығы – бабалар мұрасында» кітап-фо­тоальбомы, Қазақстанның жас суретшілерінің «Тарихым – бүгінім, ертеңім!» түрлі түсті суреттер жи­нағы мен Елена Кле­пикованың қазақ және орыс тіл­дерінде жарық көрген «Жетісудың ертегілері» атты кітаптары бар.

Бұл еңбектерді кітапханаға облыс орталы­ғын­дағы «Сарыжайлау» кинотеатры мен BAURZHAN foundation жеке қоры тарту еткен.

Аталған кітапхананың инновациялық және әдіс­темелік жұмыс бөлімінің басшысы Сәуле Жүсіпова ме­кеменің де мерекеге орай жомарт тарту жаса­ғанын айтады. Мысалы, кітапхана қаладағы Абай атын­дағы мектеп-гимназияға, тұрақты оқырмандарына 20 кітап және бірнеше дана журнал сыйлаған.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, кітапхана қорын­дағы 138 628 кітаптың 32 196-ы ғана мемле­кет­тік тілде екен. Ал өткен жылы 3 161 кітап келіп түссе, оның 1 632-сі қазақ тіліндегі туындылар болған. Абай атындағы балалар кітапханасының бас­шылығы болса, уақыт өткен сайын мемлекеттік тілдегі кітаптарға деген сұраныстың артып келе жатқанын айтады.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Кітаптан күшті сыйлық жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар