Әлем
1 мин оқу 180

Румынияда әскери тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Сәрсенбі күні Румынияның оңтүстік-шығысында IAR 330-Puma әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Нақтыланған мәлімет бойынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;AGERPRES агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесінен басқа Румыния әскери-теңіз күштерінің екі құтқарушысы болған.

Тікұшақ патрульдік ұшу кезінде радардан жоғалып кеткен МиГ-21 жойғыш ұшағын іздеу үшін ұшып шыққан.

Апатқа ұшыраған тікұшақтағы жеті әскери қызметкердің қаза тапқанын Румыния армиясы қорғаныс штабының басшысы генерал Даниэль Петреску растады.

Қазіргі уақытта МиГ-21 ұшқышын іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Румынияда әскери тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар