Әлем
1 мин оқу 192

Ресей спортшылары Паралимпиадаға қатысатын болды

<p style="text-align: justify;">Ресей мен Беларусьтің Украинаға қарсы соғыстағы рөлдеріне байланысты қос елдің спортшылары қысқы Паралимпиадаға бейтарап мәртебеде қатысады. Бұл туралы Халықаралық паралимпиадалық комитет (ХПК) мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Euronews сайтына сілтеме жасап.</p>

«Ресейдің паралимпиадалық комитеті мен Беларусьтің ұлттық паралимпиадалық комитеті Бейжіңдегі қысқы Ойындарға бейтарап мәртебеде және келесідей шарттармен қатыстырылады: барлық спортшылар жарысқа ХПК жалауымен шығады. Олар үшін ХПК гимні қосылады. Атлеттер Паралимпиаданың медальдар есебіне енгізілмейді», деп пресс-конференцияда ХПК басшысы Эндрю Парсонс.

Сондай-ақ ХПК Ресей мен Беларусь паралимпиадалық комитеттерінің мүшеліктері туралы шешімді кезектен тыс бас ассамблеяда қабылдамақ.

Паралимпиада Бейжіңде 4 наурыз күні басталып, 10 күнге созылады. Биатлон, тау шаңғысы, арбамен керлинг, шаңғы спорты, сноуборд пен следж-хоккей бойынша 78 медаль жиынтығы бәске тігіледі.

Бөлісу:
Ресей спортшылары Паралимпиадаға қатысатын болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар