Қазақстан
1 мин оқу 3,680

Күдіктіге үтік басып азаптаған полицей қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысқан Азамат Батырбаевты азаптаған полицей қамауға алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынды деп сендіре аламын. Үлкен және ауыр жұмыс атқарылды. Біз құқықтық шындыққа қол жеткіздік», деп жазды Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов Facebook-тегі парақшасында.

Азанов қалған мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты жария етпеді.

Бөлісу:
Күдіктіге үтік басып азаптаған полицей қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар