Руханият
1 мин оқу 1,060

Әуе толқынында – «Абай жолы»

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында Қазақ радиосының әуе толқынынан &laquo;Абай жолы&raquo; роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі.</p>

Әуе толқынында – «Абай жолы»

Аудиокітап форматындағы хабар наурыз айында басталып, қыркүйек айына дейін жал­ғасады.

«Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне биыл 125 жыл. Осыған орай тыңдаушыларға 2 наурыздан бастап «Абай жолы» роман-эпопеясын ұсынамыз. «Көкжиек» хабары аптасына 7 күн, сағат 21.00-де эфирге шығады. Кітапты Қазақ радиосының белгілі дикторы Аманжан Серіков дыбыстаған», дейді радиоарна басшысы Дулат Абибуллаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақ радиосының эфирінен Тә­уелсіздіктің 30 жылдығына орай Ілияс Есенберлиннің «Көш­­пенділер» трилогиясының аудионұсқасы, сондай-ақ Тахауи Ахтановтың «Боран», Хамза Есен­жановтың «Ақжайық», Әзілхан Нұршайықовтың «Ма­хаббат, қызық мол жылдар» ро­мандары мен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», Қа­ли­хан Ысқақтың «Қоңыр күз еді», Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Сәбит Мұ­­қановтың «Балуан Шолақ», Шер­хан Мұртазаның «Бесеудің хаты», Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» еңбектері мен Т.Әлімқұловтың әңгімелері де аудиокітап форматында әуе толқынынан берілген еді.

Бөлісу: