Спорт
1 мин оқу 140

Қазақстан семсерлесуден Азия біріншілігінде үздік үштікте

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Сары құрлық чемпионатында спортшылар үш қару түрінен сынға түсті. Атап айтар болсақ, рапира, сабля және шпагамен семсерлесуден Азия үздіктері анықталды.

Қазақстан командасының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Шпагадан кадеттер арасындағы сында Богдан Лукин топ жарса, жасөспірімдер арасындағы сында Александр Федотов күміске қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте Гонконг пен Өзбекстанды алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетсек, турнирге құрлықтың 20 мемлекетінен 300-ден аса спортшы қатысты.

Бөлісу:
Қазақстан семсерлесуден Азия біріншілігінде үздік үштікте · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар