Спорт
1 мин оқу 294

Екатерина Айдова әлем чемпионатында үздік ондықта

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 500 метрге жүгіруден бақ сынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Айдова жарыс жеңімпазынан 0,61 секундқа кейін қалып, 38,40 секундпен жетінші болып мәреге жетті.

Үздік үштік келесідей болды: бірінші орынды голландиялық Фемке Кок, екінші орынды австриялық спортшы Ванесса Герцог және үшінші орынды поляк конькиші Анжелика Войчик иеленді.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы Олимпиадада қазақстандық осы қашықтықта 20-шы нәтиже көрсеткен болатын.

Бөлісу:
Екатерина Айдова әлем чемпионатында үздік ондықта · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар