Аймақтар
1 мин оқу 455
«Өскемен-Алтай» тасжолы жабылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілетіндіктен «Өскемен-Алтай» тасжолы жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін өңірдегі тасжолдардың бірінде профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізіледі.
«Сағат 11.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолының 58-65 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Бөлісу: