Ауа райы
1 мин оқу 334
Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» синоптиктері 5-7 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Осыған байланысты көп өңірлерде жаңбыр жауады.
5 наурызда - батыста және елдің оңтүстік жартысында, 6 наурызда - елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады.
Бөлісу: