Қазақстан
1 мин оқу 341

Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шықты

<p style="text-align: justify;">4 наурыздағы жағдай бойынша ИИДМ, СІМ және үшінші елдердің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі жолға шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында тұр.

«Украинаның шығыс және орталық аумағында әлі де 26 жүк көлігі бар. Тоқтап қалған жүргізушілерге қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда», делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Айта кетсек, ҚР ИИДМ ахуалдық орталығының базасында жедел желі ашылды.

Туындаған сұрақтар бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады: +7 708 088 0 800; +7 (7172) 98-35-35.

Сондай-ақ, WhatsApp нөміріне жазу мүмкіндігі де қарастырылған: + 7 708 088 0 800.

Бөлісу:
Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар