Оқиға
1 мин оқу 284
Елордада заңсыз майнинг фермасы анықталды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фермасын анықтады.
Майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды. Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған. Тергеу амалдары жүргізілуде», делінген агенттік мәліметінде
Бөлісу: