Әлем
1 мин оқу 520

Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында &laquo;Үш Озан бірге&raquo; (озан &ndash; ақын-әнші) жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды. Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы «Азерпост» ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді.

Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреттері бейнеленген.

Бөлісу:
Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар