Қоғам
1 мин оқу 440

Биржалық сауда қағидаларының жобасы әзірленді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; Заңына сәйкес, Сауда министрлігі Биржалық сауда қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Биржалық сауда ережелерінде келесі негізгі нормалар қарастырылған:

- тауарлар мен Сауда-саттықты секцияларға бөлу, оларға жеке талаптар қою;

- бір мезгілде бірнеше тауар биржаларына қатысуға тыйым салуды алып тастай отырып, брокерлер мен дилерлерді бірыңғай аккредиттеуді белгілеу болды.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп Қағидалар нормаларын талқылау бойынша кеңес өткізілді. Талқылау қорытындысы бойынша Б. Сұлтанов Қағидалардың жекелеген нормаларын одан әрі пысықтау жөнінде тапсырма берді», делінген министрлік мәліметінде.

Бөлісу:
Биржалық сауда қағидаларының жобасы әзірленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар