«Бомба қойылған»: Атырауда мектеп оқушылары эвакуацияланды
<p class="Text_root__k3x6F Text_size_md__1RW_V Text_tablet-size_lg__2cbbL Text_lineHeight_lg__3livc Text_tablet-lineHeight_sm__3Yyr6 Text_color_black__GPxvg Text_bold__2rCkP" style="text-align: justify;">Атыраудағы №16 мектептің электрондық поштасына білім ошағына бомба қойылғаны жөнінде хат келген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мектеп директоры Атырау облыстық Полиция департаментіне телефон шалған.
Хат 08:50 шамасында мектептің электрондын поштасына келген. Полицейлер мектеп оқушылары мен ұстаздарын, барлығы 1300 адамды эвакуациялады.
– Мектепте ешқандай жарылғыш заттың жоқ екені анықталды. Қазір хабарлама жіберген адамды анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сабақ уақытша тоқтатылды.