Қоғам
1 мин оқу 373

Қазақстандық әйелдердің орташа некеге тұру жасы белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан әйелдері туралы инфографика дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы жыл басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады.

Бұл ретте 6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллионы ауылда тіршілік кешіп жатыр. Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 33,5, некеге тұру жасы – 24,8.

Өмір сүру ұзақтығы 75,5 жас. 2021 жылдың 4-тоқсанындағы деректерге сәйкес, әйелдер көбінесе келесі кәсіби салаларда жұмыс істейді: білім беру, бизнес және басқару, сатушылар мен сату қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету.

Бөлісу:
Қазақстандық әйелдердің орташа некеге тұру жасы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар