Әлем
1 мин оқу 400
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты
<p style="text-align: justify;">Brent маркалы мұнай бағасы 7 наурызда барреліне 130 доллардан асты. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен жоғары, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ria.ru/">РИА Новости</a>-ге сілтеме жасап. </p>
Астана уақыты бойынша, 05.59-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы барреліне 130,1 долларға дейін өсті, бұл шамамен 9 пайызға жоғары.
WTI сәуір фьючерстері дүйсенбіде 9,68 пайызға - 126,12 долларға дейін қымбаттады.
Бұған дейін Brent мұнайының максимал бағасы 2008 жылы тіркелген болатын: барреліне 143 доллардан асқан еді.
Бөлісу: