Қазақстан
1 мин оқу 220

Елордадан шығатын барлық республикалық жолдар ашылды

<p style="text-align: justify;">Ауа райының тұрақталуына байланысты елордадан шығатын бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ikomek қалалық шұғыл қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 наурыз күні сағат 12.00-ден бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын бүкіл республикалық жолдар ашылған.

Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығында, «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Нұр-Сұлтан - Жақсы ауылы» және «Екатеринбург - Алматы» жолының 917-1247 шақырым аралығында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді.

Бөлісу:
Елордадан шығатын барлық республикалық жолдар ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар